Балаларды жыныстық құлдыққа салудың 13 фактісі тіркелді

26 тамыз 2024 9:34 / Новости Казахстана
Фото: Pexels

ҚР Ішкі істер министрлігі соңғы жылдары кәмелетке толмағандарды жыныстық қанау қылмысы үшін қанша адам сотталғанын айтып берді. «2021-2023 жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды жыныстық қанаумен және оларды жезөкшелікке тарту бойынша 13 қылмыс тіркелді. Нәтижесінде 12 адам жазаның әртүрлі мерзіміне (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) сотталды, бір күдікті үй қамағында», - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ, министрлік биыл осындай фактілер бойынша сотқа дейінгі 10 тергеу басталғанын, онда 2 адам 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

Қалған істер тергеу сатысында.

Бұдан басқа, адам саудасымен және оларды пайдаланумен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында ІІМ тұрақты түрде жергілікті жедел-іздестіру іс-шараларын және республикалық жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.

Instagram, Тelegram, ДругВокруг, Facebook, ВКонтакте интернет желісіне, БАҚ-тағы жарияланымдарына күнделікті мониторинг жасалады.

Серіктес жаңалықтары