Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілді

6 тамыз 2024 11:39 / Новости Казахстана
Коллаж: Kazinform

Әйелін өлтірді деген айып тағылып, ақыры 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев темір тордың ар жағында әлі күнге дейін сот шешіміне келіспей отыр. «Жаза бастым» деп жазасын жеңілдетуді сұрайды. Сот кеңсесіне түскен ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша үкімін өзгеріссіз қалдырып, шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары