Биыл Ораза қашан басталады?

17 ақпан 2024 15:00 / Новости Казахстана

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа Айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Десе де назарға ұсынылған күнтізбеге сәйкес, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Ал қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6-сына қараған түнге сәйкес келіп тұр.

Барша мұсылманның тағы бір қасиетті мейрамы - Ораза айт 10 сәуірге белгіленді. Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға сәйкес келді.

Мүфтият Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалатынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары