КВИ-дің қазіргі штамы аса қауіп төндірмейді – ДСМ

27 тамыз 2024 11:05 / Новости Казахстана
Фото: Pixabay

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирус инфекциясы бойынша жағдайға түсінік берді. «SARS-CoV-2 вирус айналымын мониторингілеу нәтижесіне сәйкес, Омикрон түрінің айналымы жалғасып жатыр. Оның басым бөлігі JN.1 нұсқасына келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына қарағанда, JN.1 коронавирус штамы қоғамдық денсаулық сақтау үшін қауіп төндірмейді. Жұқтыру деңгейі жоғары болғанына қарамастан, бұл аурудың осы штамына шалдыққан науқастар оны жеңіл еңсеріп жатыр», - дейді ведомство өкілі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Таяуда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті КВИ-ге қатысты ел арасында тараған алып-қашпа сөзді жоққа шығарды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Тамыз айының орта кезінде министрлік КВИ бойынша жағдай бақылауда тұрғанын және мониторинг жүріп жатқанын жариялады.

Серіктес жаңалықтары