Марқұм зейнеткердің атына 7 жыл ақша аударған
9 қазан 2023 13:00 / Новости Казахстана
Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақы мен төлемді заңсыз есептеу фактілері анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақша аударып отырған, дейді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған.
Енді заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шара қабылданып, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
24 қыркүйек 2024 2:38 / Новости Казахстана
Адам папилломавирусына қарсы вакцинация жүріп жатыр
23 қыркүйек 2024 17:04 / Новости Казахстана
ІІМ: Жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойын табылған жоқ
23 қыркүйек 2024 17:00 / Новости Казахстана
Шақыртуға келген дәрігерлердің көлігін мініп кеткен
23 қыркүйек 2024 16:58 / Новости Казахстана
«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаражат жұмсалады
23 қыркүйек 2024 16:55 / Новости Казахстана
ШҚО: Кәсіпорынның 220 жұмысшысы жалақы алмай келген
23 қыркүйек 2024 16:51 / Новости Казахстана