ШҚО: Кәсіпорынның 220 жұмысшысы жалақы алмай келген

23 қыркүйек 2024 16:55 / Новости Казахстана
Фото: Kazinform

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінде жалақыларын ала алмай келген 220 жұмысшының құқығы қорғалды. Риддер қаласының прокурорлары «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне жалақы төленбей келе жатқандығын анықтаған. Компанияның жұмысшыларға берешегі - 50 млн теңгеден асып кеткен. Марқакөл ауданының прокуратурасы «Теректі» коммуналдық кәсіпорнында 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша екі кәсіпорында да жалақы бойынша берешек толықтай өтелді. Жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

ШҚО прокуратурасы жұмыс берушілерге ҚР Еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін, оны бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары