Мектеп қауіпсіздігін баяу қамтамасыз етіп жатқан өңірлер

6 тамыз 2024 11:57 / Новости Казахстана
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазір ел мектептерінде оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, білім ошақтарында балалардың қауіпсіздігін 72% лицензияланған күзет агенттіктері қорғайды. Мемлекеттің басым міндеті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау. Өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дабыл түймесінің, бейнебақылау жүйесінің, турникеттердің және лицензияланған күзеттің міндетті болуы жөніндегі талаптар күшейтілді. Алғашқы рет білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен барынша жарақтандыру қамтамасыз етілді. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың 2024-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарлары бекітілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мектептердің 87%-ы дабыл түймелерімен жабдықталған және 62%-да турникеттер орнатылған. Мектептердің 70%-ы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған. Бұл жұмыстар министрліктің үздіксіз бақылауында. Дегенмен Ақтөбе, Алматы, Атырау, БҚО, ШҚО, Маңғыстау, Түркістан облыстарында білім мекемелерін қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жұмыстары өте баяу жүріп жатыр», - дейді Ғани Бейсембаев.

Серіктес жаңалықтары