«Менің атым Қожа» фильміне түскен актриса көз жұмды

13 қыркүйек 2024 23:30 / Новости Казахстана
Фото: teatr.musrepov

«Менің атым Қожа» фильмінде Жанар есімді кейіпкерді сомдаған танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті. Қайғылы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры таратты. «ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», делінген хабарламада, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Күләш Қажығалиева 1942 жылы Алматы облысы Үйгентас ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған актриса Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Жанар, «Қызыл сұңқарлар» - Маруар, Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» - Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» - Кемпір, «Ақ кеме» - Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» - Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі» - Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» - Марфа, «Ауылдан келген ару» - Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» - Әже, А.П.Чехов «Шағала» - Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сомдаған.

Серіктес жаңалықтары