Орал қаласында автобус өртенді

31 тамыз 2024 10:00 / Новости Казахстана
Фото: БҚО ТЖД

Орал қаласында жолаушылар автобусы жанды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 тамыз күні сағат 19.26-да «Омега» зауыты маңындағы көпірде болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Х.Есенжанов көшесі 4-үй тұсында 3-бағытпен жүретін „Мерседес-Бенс“ автобусының мотор бөлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ. „Тілсіз жау“ сағат 19.42-де оқшауланып, екі минуттан кейін ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары