Өскемен қаласы маңынан әйелдің мәйіті табылды

20 тамыз 2024 14:45 / Новости Казахстана
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Өскеменнің шет жақ аумағынан әйелдің мәйіті табылды. Жәбірленушінің денесінен түрлі дене жарақаттары табылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Өскемендегі бау-бақша серіктестіктерінің бірінің шетінде көзге көрінетін дене жарақаттарымен шамамен 45-50 жас шамасындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның егжей-тегжейін ашып, тергеу әлі жалғасып жатқанын алға тартты.

Белгілі болғандай, мәйіт «Алтай бағбаны» бағбандық қоғамынан, автотұрақтың жанынан табылған.

«Кісі өлтірген күдікті әлі ұсталған жоқ», деп нақтылады облыстық полиция.

Серіктес жаңалықтары