Қазақстан жаңалықтары17 тамыз 2024, 12:00

Павлодар алюминий зауытында жазатайым оқиға болды

«Қазақстан алюминийі» АҚ гидрометаллургиялық цехында жұмыс кезінде екі жұмысшыға сілтілі ерітінді тиген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. «Зардап шеккендер қалалық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Олардың бірі жалпы палатада емделсе, екінші қызметкер жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілуде. Кәсіпорын қажетті дәрі-дәрмектер сатып алды, жансақтау бөліміндегі қызметкерге күйікке қарсы төсек сатып алынды, ол бөлімде қалады», - деп түсіндірді алюминий зауытында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 15 тамызға қараған түні болған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оқиға туралы тиісті органдарға хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың жағдайы туралы кейінірек хабарлауға уәде берді.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың мамыр айында Ақсу ферроқорытпа зауытында болған өрт кезінде екі краншы зардап шекті: ыстық металы бар шөміш судың шұңқырына түсіп, металл ағылып, салдарынан екі кран өртенді.

Зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан комаға түсіп, кейін қайтыс болды. Кейін еңбек басқармасы кәсіпорынның кінәсі 100 пайыз дәлелденгенін хабарлады.

Павлодар алюминий зауыты оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар