Павлодарда 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған бапкер ұсталды

3 қыркүйек 2024 10:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Әлеуметтік желіде футбол бапкерінің кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша қамау орталығына орналастырған.Облыс орталығында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған азамат ұсталды. Ол Павлодар қаласында футбол бапкері болып қызмет еткен. Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді департаменттен.

Серіктес жаңалықтары