Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына өзгеріс енгізілді

19 тамыз 2024 16:08 / Новости Казахстана
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасына өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 3 033 адам болып бекітілді. Ал қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасының санында 6 450 адам белгіленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шілде айының басында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаятыны хабарланған еді, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Еске салсақ, қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құраған еді.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 758 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Серіктес жаңалықтары