Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды

22 тамыз 2024 11:00 / Новости Казахстана
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсеткен. Нәтижесінде ол үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса Қазақстан студентіне кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нәтижесінде әлемдік модельдердің үштігіне енген Әлихан енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Әлихан Нұржауов Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары