«Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлді

5 тамыз 2024 22:07 / Новости Казахстана
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өтініш берушілерді таңдау критерийлері:

- ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан;

- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

- мүгедектігі бар;- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

Толық ақпарат qazaqstanhalqyna.kz сайтында.

Серіктес жаңалықтары