Қоғамдық орындарда тамақтану қызметінің бағасы 9,4% өсті

12 қыркүйек 2024 9:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы айтарлықтай өскені байқалды. «Жылдық мәнде баға 9,4% өсті. Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 10,3% қымбаттады, асханада түстену 9,6% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану рта есеппен 12,4% өсті», — делінген хабарламада, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе сондай-ақ 2303 мейрамхана тіркелген.

Серіктес жаңалықтары