Шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптары бекітілді

1 желтоқсан 2023 14:58 / Новости Казахстана

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шет мемелекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Премьер-министр қол қойған Қаулы primeminister.kz сайтында жарияланды.

Құжатқа қоса ұсынылған қосымшада:

  • басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіру (әкеліну) тәртібі мен талаптары;
  • басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптары жазылған.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Биылғы 23 қаңтар - 1 шілде аралығында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін заңсыз әкелінген көліктер заңдастырылды. Нәтижесінде 220 мыңнан астам автокөлік тіркелді.

Ал 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңның барлық талаптарына сай, жеңілдіксіз тіркеуге жатады.

Серіктес жаңалықтары