ШҚО шахта жұмысшыларының қазасы: полиция қылмыстық іс қозғады

1 қыркүйек 2024 3:18 / Новости Казахстана
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

ШҚО полиция департаменті шахтада төрт жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.Оқы оқиға 31 тамызда сағат 17.30 шамасында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында болған. Тағы бір жұмысшы зардап шегіп, медициналық мекемеге жатқызылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды («тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу»)», - делінген ПД хабарламасында.

ПД хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

«Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары