Студенттер жатақхана мәселесі бойынша қайда хабарласуы керек

23 тамыз 2024 18:00 / Новости Казахстана
Фото: jambylinfo.kz

Алматы қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ахуалдық орталығы ашылды. Бұл орталық студенттердің жатақханаға қатысты сұрақтарына жауап береді. Ол үшін білім алушылар 8 700-950-95-28, 8 700-255-14-43 нөмірлеріне хабарласа алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еске салайық, министрлік бұған дейін әрбір жоғары оқу орнының базасында Ситуациялық (ақпарат алу үшін) және Дағдарыс орталықтары (дағдарыс жағдайында студенттерді орналастыру үшін) жұмыс істей бастағанын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары