Су басқан өңірлерде стратегиялық объектілер қорғауға алынды

9 сәуір 2024 8:00 / Новости Казахстана

Су басқан өңірлерде қауіпсіздікті қамту мақсатында Ішкі істер органдарының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Су басқан өңірлердегі жол қауіпсіздігі ерекше назарда. Республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде жүруге шектеу қойылды (Ақмола – 1, Ақтөбе – 1, Атырау – 2, Қостанай – 3, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, СҚО-5). Су басқан аймақтардан полицияның арнайы ұйымдасқан колоннасымен 5 мың автокөлік шығарылды. Сондай-ақ, стратегиялық объектілер қорғауға алынды. Бүгінде су тасқынының алдын алу және салдарын жою іс-шараларына Ішкі істер органдары мен әскери қызметшілердің барлығы жұмылдырылды», - деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оның айтуынша, жағдай ушықса басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылады.

 

Серіктес жаңалықтары