«Тәшенов тартуы»: Талапкерлерге тағы 150 білім гранты бөлінді

7 тамыз 2024 15:00 / Новости Казахстана
Фото:kp.ru

Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «Тәшенов тартуы» білім гранты тағайындалады. Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады. Сондай-ақ егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Тәшенов тартуы» білім грантын алу үшін қойылатын талаптар:

  • ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті;
  • Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек;
  • Конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі;
  • Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары бағаланған талапкер.

 

Серіктес жаңалықтары