Ұлттық ұланның 36 әскериі ауруханаға түсті

21 тамыз 2024 11:00 / Новости Казахстана
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Ұлттық ұлан сарбаздарды жаппай ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады. 18 тамызда Теміртау жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды. Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Бүгінде ошақ локализацияланған, жаңа өтініштер тіркелген жоқ.

Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары