Жалға берілетін пәтердің ең арзаны - Түркіменстанда, ең қымбаты - Қазақстанда

28 қыркүйек 2024 9:00 / Новости Казахстана
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Душанбе, Ташкент, Бішкек, Астана және Ашхабадта бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы анықталды. Осы мақсатта биыл тамыз және қыркүйек айларында жалға берілетін сайттарда жарияланған 50 хабарландыру зерттелді. Салыстыруға ыңғайлы болу үшін бағалар АҚШ долларымен берілген. Орталық Азияның астаналары арасында ең арзан тұрғын үйді жалға алу Түркіменстан астанасы Ашхабадта тіркелді. Онда 40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерді орташа есеппен 240 долларға жалға алуға болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ашхабадта екі бөлмелі пәтерді жалдау орташа есеппен $320, ал үш бөлмелі пәтерді жалдау $410 тұрады, - деп таратты Asia-Plus басылымы, деп жазады Kazinform агенттігі.

Тәжікстан астанасы Душанбеде бір бөлмелі пәтерді жалға алудың орташа бағасы аудан мен жағдайға байланысты айына 160-360 доллар аралығында. Екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер орташа есеппен 500 доллардан 700 долларға дейін жалға беріледі.

Жалдау ақысының ең жоғары бағасы Қазақстанның астанасы Астана мен Қырғызстан астанасы Бішкекте. Мұнда бір бөлмелі пәтердің орташа жалдау ақысы 440-520 доллар, екі бөлмелі пәтер 670-1520 доллар, үш бөлмелі пәтер 1140-2130 доллар аралығында.

Ташкенттегі жалға алу бағасы Бішкектегіге жақын. Мұнда бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа бағасы аудан мен жағдайға байланысты 420 доллар, екі бөлмелі пәтер 700 доллар, үш бөлмелі пәтер 1000 долларды құрайды.

Зерттеу нәтижелері бойынша, Орталық Азияның барлық елдерінде байқалған жалға алу бағасының өсуі, ең алдымен, тұрғындар мен қонақтар тарапынан сұраныстың артуы және оқу жылының басталуымен байланысты екені айтылды.

Серіктес жаңалықтары