3 қараша 2022
/ Евразия
Шымкентте балабақша меңгерушісі бюджет қаражатын ұрлаған
Шымкентте балабақша меңгерушісі бюджет қаражатын ұрлаған. Заңсыз әрекет 2019 жылдан бастап, 3 жыл бойы жүргізіліп келген. Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын қалтасына басқан.