Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Түркіменстанда Арқадаг қаласы ЮНЕСКО сертификатын алады
10 қазан 2024 / Евразия

Түркіменстанда Арқадаг қаласы ЮНЕСКО сертификатын алады

Түркіменстанда Арқадаг қаласы ЮНЕСКО сертификатын алады. Бұл туралы шешімді осы халықаралық құрылымның кезекті сессиясына қатысушылар қабылдады.Т үркіменстандық Арқадағы «ақылды қала» ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне «Ахалтеке жылқы шаруашылығы өнері және жылқы әшекейлеу дәстүрі» номинациясын енгізу туралы сертификат алады,.

Ресей Одесса облысына зымыранмен шабуыл жасады
10 қазан 2024 / Мир

Ресей Одесса облысына зымыранмен шабуыл жасады

Ресей Одесса облысына зымыранмен шабуыл жасады. Алты адам қаза тауып, сегізі жарақат алды. Зымыран соққысы порт инфрақұрылымына тиді. Панама жалауы ілінген Shui Spirit контейнер кемесі зақымданған. Бұл соңғы төрт күнде ресейлік армияның шабуылына ұшыраған үшінші шетелдік кеме, деп атап өтті Украинаның қауымдастықтар мен аумақтарды дамыту министрі Алексей Кулеба,. 

Тәжікстан 2025 жылдың басынан бастап ТМД төрағасы болады
10 қазан 2024 / Евразия

Тәжікстан 2025 жылдың басынан бастап ТМД төрағасы болады

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тәжікстан бұл қызметте Ресейді алмастырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) жаңа төраға болады. Мұндай шешім 8 қазанда Мәскеуде өткен ТМД қатысушылары мемлекет басшыларының саммитінде қабылданды.  Жиынға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Түркіменстан басшылары қатысты. 

Қырғызстан президенті ТМД басшыларын энергоқауіпсіздік саласында байланыс орнатуға шақырды
10 қазан 2024 / Евразия

Қырғызстан президенті ТМД басшыларын энергоқауіпсіздік саласында байланыс орнатуға шақырды

Садыр Жапаров ТМД қатысушылары мемлекет басшыларының саммиті аясындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айтты. Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшыларының саммитінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров басқа да мемлекет басшыларын энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге шақырды. 

Қазақстан қосалқы бөлшек импортына тәуелді болып қалмай ма
10 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан қосалқы бөлшек импортына тәуелді болып қалмай ма

Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хат жолдады. Хат авторлары еліміздегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласының дамуына алаңдаушылық танытады. Энергетиктердің пікірінше, Қазақстан индустриясы және экономикасы үшін импорттық жабдық аса маңызды болуы мүмкін. Хат мазмұнына үңілсек, Қазақстан ЖЭК-ке (жаңартылатын энергия көздері) байланысты халықаралық жобаларға белсенді қатысып жатыр. Аталған келісімдер көбіне жабдық өндірісін оқшаулау және отандық технологияларды қолдану міндеттемелерін көздемейді. 

«Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті
10 қазан 2024 / Sport

«Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті

«Барыс» хоккей клубының бас директоры Борис Иванищев қызметінен кетті. Борис Иванищев 2006-2018 жылдар аралығында елордалық клубта вице-президент міндетін атқарды. 2018 жылдан бері президент қызметінде болды. 2022 жылдан бері «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шыға алмай келеді. Биыл команда он төрт ойынның небәрі екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Салдарынан команда турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр. 

Ақмола облысында электровоз бен вагондар рельстен шығып кетті
10 қазан 2024 / Новости Казахстана

Ақмола облысында электровоз бен вагондар рельстен шығып кетті

Сұрған станциясының Есіл-Құсмұрын учаскесінде электровоз бен вагондар рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім болды. Төтенше жағдайдың салдарымен күресу үшін қалпына келтіру пойыздар іске қосылды. 

Усама бен Ладеннің ұлы Франциядан депортацияланды
10 қазан 2024 / Мир

Усама бен Ладеннің ұлы Франциядан депортацияланды

Франция үкіметі «Әл-Қаида» халықаралық лаңкестік ұйымының бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладеннің ұлы Омарға елге кіруге ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы Францияның ішкі істер министрі Брюно Ретайо X-тегі парақшасында хабарлады. Министрдің айтуынша, Омар бен Ладен бірнеше жылдан бері Францияның солтүстігіндегі Орн департаментінде әйелімен (британ азаматы) бірге тұрған. Алайда француз үкіметі былтыр әлеуметтік желіде терроризмді насихаттайтын пікірлерін жариялаған соң оны республикадан шығару туралы шешім қабылдауды талап еткен. Сот бұл өтінішті заңды деп тапқаннан кейін үкімет Омардың Франциядан кетуін қамтамасыз етті. 

Шымкентте есірткіге қатысты қылмыс жасаушылардың басым бөлігі — ер адам
10 қазан 2024 / Новости Казахстана

Шымкентте есірткіге қатысты қылмыс жасаушылардың басым бөлігі — ер адам

Жыл басынан бері Шымкентте есірткі қылмысына қатысты 447 жағдай тіркелген. Оның ішінде 397 адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат мәлімдеді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, есірткі қылмысын жасаушылардың басым көпшілігін ер адамдар құрайды. Оның ішінде 40 жастан асқандар көп.