Қазақстан қосалқы бөлшек импортына тәуелді болып қалмай ма
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары10 қазан 2024, 12:00

Қазақстан қосалқы бөлшек импортына тәуелді болып қалмай ма

Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қауымдастығы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хат жолдады. Хат авторлары еліміздегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласының дамуына алаңдаушылық танытады. Энергетиктердің пікірінше, Қазақстан индустриясы және экономикасы үшін импорттық жабдық аса маңызды болуы мүмкін. Хат мазмұнына үңілсек, Қазақстан ЖЭК-ке (жаңартылатын энергия көздері) байланысты халықаралық жобаларға белсенді қатысып жатыр. Аталған келісімдер көбіне жабдық өндірісін оқшаулау және отандық технологияларды қолдану міндеттемелерін көздемейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов Kazinform тілшісімен әңгімелесу барысында оның есептеулері бойынша 2035-2040 жылдарға қарай Қазақстанның энергия балансындағы ЖЭК үлесінің проблемалары елдің бүкіл экономикасына әсер ететіндей салмақты болатынын айтып отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Маман қазірдің өзінде бүкіл индустрияның шетелдік жабдыққа тәуелді болатындығын байқап отыр. Расында, қазірдің өзінде ЖЭК бойынша Қазақстан үшін басты экспорттаушы ел — Қытай.

«Импорттық жабдыққа толығымен тәуелді болатынымызды елестетіп көріңіз. Бұл тәуелділіктің өзге біреудің электр энергиясына тәуелділігінен айырмашылығы неде? Сондықтан, бұған жол бермей, 10-15 жылдан соң бармақ тістемеу үшін өз өндірісімізді дамытуымыз керек», — дейді Сергей Агафанов.

Сондай-ақ, қауымдастық басшысы Алматыда күн панельдері мен Жезқазғанда жел электр станцияларын мысалға алды.

Оның айтуынша, мұндай кәсіпорындарды жобаларға қатысу үшін, үкіметаралық келісімдер кезінде мемлекеттің қолдауы қажет.

Энергетика министрлігі қазақстандық компанияларды тарту үшін қадам жасалып жатқанын жеткізді. Оларды қолдау үшін тіпті жұмыс тобы құрылған, оның құрамына мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ отандық жабдық өндірушілер кірген.

«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі ЖЭК саласындағы жергілікті өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл импорттық жабдыққа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді», — деп сендірді аталған ведомстводан.

Елімізде күн және жел электр станциялары үшін компоненттер өндіруге мамандандырылған бірқатар кәсіпорын жұмыс істейді.

Атап айтқанда:«Kuntech» ЖШС-күн коллекторы (су жылытқыш);«Санди» ЖШС-жылу сорғылары;«Кб Tree energy» ЖШС- жел генераторлары;«KIT-Oil» ЖШС-ғимаратты жылытудың және суды жылытудың дербес күн жүйесі;«Қазэлектромаш» ЖШС- қуат кабельдері;«DOC Co.Ltd» ЖШС — фотоэлектрлік панельдер;«Майами Solar» ЖШС — фотоэлектрлік панельдер.

«Сонымен қатар, Қазақстанда SANY, Energy China, Vestas тағы сол сияқты халықаралық компаниялармен ЖЭК-ке арналған жабдықты оқшаулау мәселесі пысықталып жатыр. Энергияны жинақтау жүйелерін, мұнараларды, гондолалар мен қалақтарды шығару бойынша зауыт салу жоспарлануда», — дейді Энергетика министрлігінен.

Қазақстан қосалқы бөлшек Импорт жаңартылатын энергия

Тақырыпқа жаңалықтар