Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

"Гринпис": Украинаның энергетика жүйесінің бұзылуы Чернобыль мен Фукусимадан да ауыр болуы мүмкін
3 қазан 2024 / Мир

"Гринпис": Украинаның энергетика жүйесінің бұзылуы Чернобыль мен Фукусимадан да ауыр болуы мүмкін

"Украинаның энергетикалық жүйесінің бұзылуы Чернобыль мен Фукусимадан да ауыр апаттарға әкелуі мүмкін". Greenpeace Украинаның жаңа зерттеуі Ресейдің шабуылдары нәтижесінде Украинаның энергетикалық желісі қаншалықты нәзік және осал болғанын және бұрын-соңды болмаған ядролық апат қаупінің жоғары екенін көрсетеді. Ұйым энергетикалық жүйеге қарсы шабуылдардың жалғасуы Ровно, Хмельницкий және Оңтүстік Украина атом электр станциялары реакторларының салқындату жүйелерін электрмен жабдықтаудан ажыратуға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Олардың қызып кетуі ядролық отынның еруіне және радиацияның бөлінуіне әкеледі. 

Қазақстандағы электромобильдер: жай-күйі, сын-қатерлер мен келешегі
3 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстандағы электромобильдер: жай-күйі, сын-қатерлер мен келешегі

Қазақстанда Электромобиль дәуірі басталды. Автокөлік саласы сарапшыларының жариялаған мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 10 мыңға жуық «жасыл» автокөлік тіркелген. Бұл көрсеткіш - электрмен жүретін автокөліктерге деген сұраныстың артқанының дәлелі. Сұраныстың өсуі жыл сайын анық байқалады. Электромобиль сатып алатын адамдарға қолайлы жағдай туғызу үшін Мәжіліс депутаттары 2024 жылдың басында қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізетін заң жобасына бастамашы болғанын білеміз. 

Катерина Гордеева Украинадағы соғыс туралы кітабы үшін неміс әдеби сыйлығын алды
3 қазан 2024 / Мир

Катерина Гордеева Украинадағы соғыс туралы кітабы үшін неміс әдеби сыйлығын алды

Катерина Гордеева Украинадағы соғыс туралы кітабы үшін неміс әдеби сыйлығын алды. Ресейлік журналист, видеоблогер және жазушы 2024 жылғы Софи мен Ганс Шолль сыйлығын «Менің қайғымды алып кет» кітабы үшін алды. Бұл туралы сыйлықты ұйымдастырушылар – неміс кітап саудасы қауымдастығының Бавариялық филиалы мен Мюнхен билігі жариялады. 

Жеткіншектерді желі қатерінен қалай қорғаймыз?
3 қазан 2024 / Новости Казахстана

Жеткіншектерді желі қатерінен қалай қорғаймыз?

Сарапшылар әлеуметтік желіге ерте бастан тіркеліп, цифрлық технологияларды шамадан тыс тұтыну жасөспірімдердің психикасын бұзып, шынайы әлемнен алшақтататын қауіпті үрдіс деп есептейді. Тілі енді шыққанына қарамай, технология тілін меңгерген өрімдей өрендер қолына гаджет тисе, желіге байланған құлындай бір орында сағаттап отыруға бар. Жас бала да құмыра секілді. Ішіне не құйсаң сонымен толады. Олардың қолына сиқырлы смартфон ұстатып, ғаламтор әлемінің есігін айқара ашып бергеннен кейін әр қимылын қалтқысыз қадағалау­ды да қаперден шығармағанымыз абзал. Бұл мәселе талайдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын дабыл қақтырып отыр. 

Астанада пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді
3 қазан 2024 / Sport

Астанада пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтеді

5-12 қазан аралығында Астанада көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA Пауэрлифтинг және жатып сығымдаудан әлем чемпионаты өтеді. Спорттық іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Әлем біріншілігіне Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Египет, Ливия, Чехия, Израиль, Кениядан 71 спортшы қатысады. Жалпы қатысушылар саны 130 адамды құрайды, оның ішінде жаттықтырушылар, көмекшілер және төрешілер бар. 

Қайтыс болған бес донор 19 қазақстандықтың өмірін сақтап қалды
3 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қайтыс болған бес донор 19 қазақстандықтың өмірін сақтап қалды

2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 5 адам қайтыс болғаннан кейін донор болып, 19 адамның өмірін сақтап қалды. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 6 782 қазақстандық қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген.