Әлемнің 2 дүркін чемпионы болған пара таэквондошы өмірден озды
Фото: csp_parasport.kz
csp_parasport.kz
Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2024, 14:43

Әлемнің 2 дүркін чемпионы болған пара таэквондошы өмірден озды

Әлемнің 2 дүркін чемпионы болған пара таэквондошы Өмірәлі Нышан Елубайұлы өмірден озды. Бұл туралы csp_parasport.kz хабарлап, марқұмның жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Пара таеквондодан Ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өмірәлі Нышан Елубайұлы қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.

Нышан Елубайұлы Жамбыл облысының тумасы. Спортты 17 жасынан бастаған.

Ол екі дүркін әлем чемпионы. Азия чемпионы, Азия ойындарының және көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қатысушысы. Марқұмның артында жары және үш баласы қалған.

Өмірәлі Нышан Елубайұлы таэквондошы қайтыс болды

Тақырыпқа жаңалықтар