Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Интернетте жалған ақпарат таратқандарға қанша айыппұл салынады
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Интернетте жалған ақпарат таратқандарға қанша айыппұл салынады

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда жалған ақпарат жариялап, таратқандарға салынатын айыппұл көлемін атады. «Онлайн-платформа қолданушылары жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады. Әрине, ақпараттың жалған екені дәлелденген соң. Нақты айтсақ, жеке тұлғалар үшін 10-20 айлық есептік көрсеткіштен басталады, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда тұтқындалуы да мүмкін». 

Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді

Астананың орталық саябағында атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының өкілдері бейбіт атомның тиімділігін көрсетуге арналған шағын сәулеттік нысанды орнатты. Іс-шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды. 

Алматы облысында пәтер үшін зейнеткер әйелді өлтіруге тапсырыс берген азамат ұсталды
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматы облысында пәтер үшін зейнеткер әйелді өлтіруге тапсырыс берген азамат ұсталды

Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 миллион теңге ұсынған 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. 

Қазақ балуаны – Азия чемпионы
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақ балуаны – Азия чемпионы

2023 жылдың көктемінде Астанада грек-рим күресінен құрлық додасы өткен еді. Сол Азия чемпионатында отандасымыз Диас Қален (82 кг) финалда Қырғызстан балуаны Ақылбек Талантбековке есе жіберіп, күміс жүлде алған. 

Түркияда өзбек қызына қышқыл шашып өлтірген ер адам қамауға алынды
26 қыркүйек 2024 / Мир

Түркияда өзбек қызына қышқыл шашып өлтірген ер адам қамауға алынды

Түркияның Карахайит қаласындағы қонақүйде сүйіктісінің үстіне қышқыл (кислота) шашқан ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оқиға 2022 жылы 9 мамырда Карахайит ауданындағы қонақүйде болған. Озгур Гюнден өзбекстандық құрбысы Сожида Каландорова және оның құрбысы Стамбулдан келген 25 жастағы Қырғызстан азаматы Сарвиноз Хайруллаевамен бірге Карахайит ауданындағы қонақүйге барған. Гюнден мен Қаландарованың арасындағы жанжал оның телефонын рұқсатсыз тексергендіктен төбелеске айналғаны анықталды. Содан кейін Гюнден қонақүйдің қабылдау бөлмесіне барып, бұрын қалдырған қышқыл термоспен бірге бөлмеге қайтып келген.Гюнден термостағы қышқылды төсекте жатқан ғашығы Қаландарованың үстіне құйып жіберген. 

Шыңғыз хан ата жұртына оралды...
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шыңғыз хан ата жұртына оралды...

Қазақ халқының тарихы түген­дел­меген, үзік-үзік, тіптен бір парасы өзгелер әңгімелеген шала-шарпы түсініктерден құрал­ған. Оның басты себебі, қазақ ­тарихы ниеттері бөтен, әркімнің қолында кетті. Күні кеше Кенесары хан туралы шындықты айтқан, ғылыми зерттеу жасаған тарихшы Ермұхан Бекмаханов жазаланды, сотталды. Алаш азаматтарының тарихи жазбалары шаң басып, архивте жатты. Хандар, сұлтандар, хазіреттер туралы жазылғандар жария болмады. Кеңес заманында «маман» деген тарихшыларымыз мардымсыз тақы­рып­тармен шұғылданып, тарих ғылым­дарының кандидаттары, докторлары атанды. Оған кінәлі тарихшылар емес, заманның ғылымға деген талабы солай болды. 

Елімізде кофе 20 пайызға қымбаттады
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Елімізде кофе 20 пайызға қымбаттады

Елімізде кофе бағасы 20 пайызға өсті. Бұған себеп — Бразилиядағы қуаңшылық пен Вьетнамдағы су тасқыны. Өндіріспен бірге экспорт та азайған. Соның салдарынан әлемде осы сусын түрінің бағасы шарықтап шыға келді. Жыл басынан бері Қазақстанда бір ғана "арабика" сұрпының құны 40 пайызға көтерілген. Оған қант, сүт, бір реттік ыдыс сынды тауарлардың қымбаттауы да қосылды дейді жергілікті сатушылар. 

Киіктерді мотоциклмен қағып — аулап келген браконьер ұсталды
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Киіктерді мотоциклмен қағып — аулап келген браконьер ұсталды

Ақтөбе облысында киіктерді мотоциклмен қағып өлтіретін браконьер ұсталды. Ол Қызыл кітапқа енгізілген түз тағысын осылай аулайды екен. Қобда ауылы маңында тәртіп сақшылары тоқтатқан Lada Largus автокөлігінен киік еті табылған. 42 жастағы жүргізуші жіліктелген бес ақбөкенді Ырғыз ауданы аумағынан аулағанан айтады. Қарусыз аңшылыққа қалай шыққанын сұрағанда, күдікті мотоциклмен соғып алғанын жасырмапты. 

Жедел жәрдем енді тәулік бойы жұмыс істемеуі мүмкін
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Жедел жәрдем енді тәулік бойы жұмыс істемеуі мүмкін

Жедел жәрдем енді тәулік бойы жұмыс істемеуі мүмкін. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы көмек көрсету жұмысына өзгерістер енгізбек. Бірақ жаңашылдықты түсінбей қалғандар көп. Негізінде қызмет көрсетуге жататын жеделдіктің 4 санаты бар. Біріншісі — шұғыл медициналық көмекті талап ететін, өлім аузында жатқан науқастар болса, төртіншісіне — адам өміріне қауіп төнбейтін созылмалы аурудың асқынуы, құсу, іш өтумен қатар жеңіл жарақаттар жатады. Қазір жедел жәрдем дәрігерлері төртеуіне де қызмет көрсетіп жүр. «Жедел жәрдемді сағаттап күтеміз» деген халықтың арыз-шағымы тікелей осыған байланысты дейді министрліктегілер. Оған қоса шығындарды да толық жаппайды екен.