Интернетте жалған ақпарат таратқандарға қанша айыппұл салынады
Фото: Еңбек министрлігі
Eñbek mïnïstrligi
Қазақстан жаңалықтары26 қыркүйек 2024, 15:00

Интернетте жалған ақпарат таратқандарға қанша айыппұл салынады

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда жалған ақпарат жариялап, таратқандарға салынатын айыппұл көлемін атады. «Онлайн-платформа қолданушылары жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады. Әрине, ақпараттың жалған екені дәлелденген соң. Нақты айтсақ, жеке тұлғалар үшін 10-20 айлық есептік көрсеткіштен басталады, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда тұтқындалуы да мүмкін», — деп түсіндірді Қанат Ысқақов.

Бұған дейін вице-министр блогерлердің БАҚ өкілі ретінде тіркеліп, қызмет ете алатындығын айтқан еді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетейік, елордада Astana Media Week апталығы басталды.

Дәстүрлі шараның биылғы тақырыбы — «Медианың әсері және цифрлық үндестік».

Интернет жалған ақпарат Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар