Киіктерді мотоциклмен қағып — аулап келген браконьер ұсталды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары26 қыркүйек 2024, 11:23

Киіктерді мотоциклмен қағып — аулап келген браконьер ұсталды

Ақтөбе облысында киіктерді мотоциклмен қағып өлтіретін браконьер ұсталды. Ол Қызыл кітапқа енгізілген түз тағысын осылай аулайды екен. Қобда ауылы маңында тәртіп сақшылары тоқтатқан Lada Largus автокөлігінен киік еті табылған. 42 жастағы жүргізуші жіліктелген бес ақбөкенді Ырғыз ауданы аумағынан аулағанан айтады. Қарусыз аңшылыққа қалай шыққанын сұрағанда, күдікті мотоциклмен соғып алғанын жасырмапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның табиғатқа келтірген залалы 20 миллион теңгені құрап отыр, деп жазады КТК телеарнасы.

Дәл осы Ырғыз ауданында мал бағатын қожалықтың екі жұмысшысы да тергеліп жатыр. Олардан екі мылтық пен киіктің 300 мүйізі табылған.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызмтінің жетекшісі:

— Полиция қызметкерлері Ырғыз ауданының аумағындағы Қосбармақ қыстауында "Қарасора-2024" жедел алдын алу шарасында шаруа қожалығында тінткенде бес қапшықтағы 320 дана ақбөкен мүйізінің тауып тәркіледі.Тіркелмеген екі аңшы мылтығы да тәркіленді.

Ақтөбе облысы киіктер Мотоцикл браконьер

Тақырыпқа жаңалықтар