Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Өзбекстан мен Қазақстан Сырдарияда 10 өлшеу стансасын орнатады
24 қыркүйек 2024 / Евразия

Өзбекстан мен Қазақстан Сырдарияда 10 өлшеу стансасын орнатады

Өзбекстан мен Қазақстан Сырдария өзенінде 10 өлшеу стансасын орнатады. Екі елдің билігі суды ұтымды пайдалану мәселелерін талқылап, ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты. Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінде суды есепке алудың заманауи автоматты жүйесі бар 10 өлшеу стансасын орналастыру туралы келісімге келді. Бұл туралы тараптар Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстанның Су ресурстары министрі Шавкат Хамраевтың кездесуінде уағдаласты. 

Тәжікстанда тұрғындарға электр қуатын беру шектеледі
24 қыркүйек 2024 / Евразия

Тәжікстанда тұрғындарға электр қуатын беру шектеледі

Тәжікстанда тұрғындарға электр қуатын беру шектеледі. Биыл энергетиктер республикада шамамен 1 миллиард киловатт-сағат электр энергиясының тапшылығы болады деп күтуде. Тәжікстанда 2024 жылдың 22 қыркүйегінен бастап «қажетті жағдайда» халықты электр қуатымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізіледі. Тиісті ескерту Barki Tojik мемлекеттік компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жарияланды. 

Қытай Қырғызстанмен гидроэнергетикада ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр
24 қыркүйек 2024 / Евразия

Қытай Қырғызстанмен гидроэнергетикада ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр

Қытай Қырғызстанмен су энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр. Қырғыз делегациясының Қытайдың Үш шатқал су электр станциясына сапары барысында әріптестік мүмкіндіктері талқыланды. Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев қырғыз делегациясының құрамында Қытайдың Хубэй провинциясында орналасқан әлемдегі ең ірі су электр станциясы – Үш шатқал су электр станциясында болды. 

Қазақстанға Нидерландыдан Амур жолбарыстарының жұбы жеткізілді
24 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанға Нидерландыдан Амур жолбарыстарының жұбы жеткізілді

Қазақстанға Нидерландыдан Амур жолбарыстарының жұбы жеткізілді. Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, голландиялық орталықпен жасалған меморандум бірлескен нәтижелі жұмыстың бастауы болды. Жабайы табиғатта популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерландыдан Қазақстанға екі амур жолбарысы әкелінді. Жануарлар Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығына келді. 

Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған еркек 20 жылға сотталды
24 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған еркек 20 жылға сотталды

Ақтөбеде 46 жастағы ер адам жасөспірімге сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен. Қылмыстық кодексте өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанымен сот сотталушының бұрын қылмыстық жауапқа тартылмағанын ескерді. Қылмыстық іс биыл болған. 46 жастағы ақтөбелікке Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы бойынша, яғни, «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен іс қозғалды. Іс сотқа тамыз айында түсіп, екі айға жуық уақыт қаралды. 

"5,9 млрд". Түрік компаниясы Құрты-Бурылбайтал жолын жөндемей қойған
24 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

"5,9 млрд". Түрік компаниясы Құрты-Бурылбайтал жолын жөндемей қойған

Әділет министрлігі түрік компаниясынан 5,9 миллиард теңге көлеміндегі авансты қайтарып алу туралы шешімге қол жеткізді. 2021 жылғы 25 қазанда Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті «F& A Road Construction» (мердігер) компаниясымен «Құрты-Бурылбайтал» автожолын жаңартуға келісімшарт жасады7 

Telegram билікке қылмыскерлердің деректерін беріп отырады — Павел Дуров
24 қыркүйек 2024 / Мир

Telegram билікке қылмыскерлердің деректерін беріп отырады — Павел Дуров

Тelegram негізін қалаушы Павел Дуровтың мәлімдеуінше, мессенджер тиісті органдардың орынды сұрауы бойынша пайдаланушылардың IP мекенжайы мен телефон нөмірлерін ұсына алады. Ол бұл шара Telegram ережесін бұзушыларға қатысты екенін және қылмыскерлерді мессенджерде ішкі іздеуді теріс пайдаланудан тыю үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді

«Алтыналмас» Ақбақайда жұмысшы көз жұмғанын растады
24 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Алтыналмас» Ақбақайда жұмысшы көз жұмғанын растады

«Алтыналмас» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы 18 қыркүйекте Ақбақайда болған жазатайым оқиға жөнінде мәлімдеме жасады. Сол күні топырақ опырылып, кен орнының күтім жасау және жөндеу слесарі Нұрдәулет Жексенұлы Нұрмаханов көз жұмған болатын. «Алтыналмас АК» АҚ марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.