Placeholder Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған еркек 20 жылға сотталды
Фото: Pexels
Pexels
Қазақстан жаңалықтары24 қыркүйек 2024, 13:34

Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған еркек 20 жылға сотталды

Ақтөбеде 46 жастағы ер адам жасөспірімге сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен. Қылмыстық кодексте өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанымен сот сотталушының бұрын қылмыстық жауапқа тартылмағанын ескерді. Қылмыстық іс биыл болған. 46 жастағы ақтөбелікке Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы бойынша, яғни, «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен іс қозғалды. Іс сотқа тамыз айында түсіп, екі айға жуық уақыт қаралды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Бақтығалиаев сотталушыға 20 жылға бос бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

— Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін, — деді судья Нұрлан Бақтығалиаев.

Сот жәбірленуші өкілінің азаматтық талап арызын ішінара қанағаттандырып, 5 млн теңге моральдық зиян өндіру туралы үкім шығарды. Әрі сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орнында мәжбүрлі түрде емделеді.

— Сотта жас баланың берген айғақтары ескерілді. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеруде жүргізген сараптама қорытынылары негізге алынды. Сот сотталушының кінәсі толық дәлелденді деп есептейді. Күш қолданып, қатер төндіру арқылы жас балаға зорлық-зомбылық жасаған. Заңға сәйкес 20 жыл немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сот бұрын сотталмағанын ескеріп, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұрын сотталмағандықтан жазаны өтеу орны қауіпсіздігі орташа орын деп белгіленді, — деп түсіндірді судья.

Ақтөбе Жасөспірім Зорлық сотталды

Тақырыпқа жаңалықтар