"5,9 млрд". Түрік компаниясы Құрты-Бурылбайтал жолын жөндемей қойған
Фото: Көлік министрлігі
Kölik mïnïstrligi
Қазақстан жаңалықтары24 қыркүйек 2024, 13:00

"5,9 млрд". Түрік компаниясы Құрты-Бурылбайтал жолын жөндемей қойған

Әділет министрлігі түрік компаниясынан 5,9 миллиард теңге көлеміндегі авансты қайтарып алу туралы шешімге қол жеткізді. 2021 жылғы 25 қазанда Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті «F& A Road Construction» (мердігер) компаниясымен «Құрты-Бурылбайтал» автожолын жаңартуға келісімшарт жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Комитет техниканы жұмылдыру және материалдарды дайындау үшін 5,9 миллиард теңге көлемінде аванс аударды. Алайда түрік мердігері жұмысқа кіріспеді және келісімшарт 2022 жылдың мамырында біржақты бұзылды.

Ведомствоның авансты бейбіт жолмен қайтаруға тырысуы нәтиже бермеді.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі мердігерге қарсы төрелік бастап, ақшаны қайтару үшін белсенді шаралар қабылдады.

2024 жылдың сәуірінде «White & Case LLP» заң фирмасымен бірлесіп Париждегі Халықаралық сауда палатасының төрелік сотына өтініш берілді. Жұмыстағы басымдық мемлекеттік қаражатты қайтару болды.

Нәтижесінде 2024 жылдың маусымында мердігер бітімгершілік келісімге қол қоюды ұсынды, ал 2024 жылдың 28 тамызында автомобиль жолдары комитеті келісімге қол қойды.

Осы келісімге сәйкес мердігер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін 5,9 миллиард теңге аванстық төлемді қайтаруға, сондай-ақ Әділет министрлігінің қызметтері үшін 280 000 USD және төрелік жарнаның 85 000 USD заңды шығындарын өтеуге міндеттенді.

«Осылайша Әділет министрлігінің үйлестіруімен тартылған мемлекеттік органдардың кешенді жұмысының арқасында мемлекеттің құқықтарын қорғауға, заң кеңесшісін тарту шығыстарын өтеуге, сондай-ақ мәселені қымбат төрелік процесте қарауға жол бермеуге мүмкіндік туды. Міндеттемесін орындамау және жол мердігерлерінің авансын қайтармауына байланысты тағы үш ұқсас әлеуетті дау-дамайды ескере отырып, бұл іс мемлекеттің өз мүддесін қорғаудағы және бюджет қаражатын қайтарудағы тиімділігін көрсетеді» дейді Әділет министрлігінен.

5,9 млрд түрік компаниясы Құрты-Бурылбайтал жол жөндеу

Тақырыпқа жаңалықтар