8 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Қазақтың тері өңдеу кәсібін дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды
Ақтөбеде «Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу кәсібі: тарихи тәжірибе, қазіргі күйі және даму перспективасы» атты бірінші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Өлкетанушы төл өнерді қайта түлету үшін өндіріс ашу керек деп санайды. Әзірге елімізде бұл бағытта ірі кәсіпорын жоқ. Мал терісін илеп, одан тұрмыстық бұйым жасау өнері әр өңірде әрқалай дамып келеді. Әсіресе шеберлер төл өнерді сақтауға септігін тигізіп отыр. Ақтөбеге жиналған олар тері илеу технологиясын таныстырып, өзара тәжірибе алмасты, өнерді сақтау, дамыту жолын талқылады.