Жеке тұрғын үйде өрт оқиғаларының көбеюінің бірнеше себебі айтылды
Фото: БҚО ТЖД
BKO TZD

Жеке тұрғын үйде өрт оқиғаларының көбеюінің бірнеше себебі айтылды

Алматыда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары арасында өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алматыда қалалық ТЖД ұйымдастыруымен «Өрттен болатын қайғылы жағдайларға жол бермейміз» атты ауқымды акция өтіп жатыр. Іс-шара аясында Алатау ауданы «Шапағат» шағын ауданының тұрғындарына газ иісінің қауіптілігі туралы, сондай-ақ газ-ауа қоспасының жарылыстарының, өрттердің және табиғи газбен уланудың алдын алу жолдары туралы айтылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер, әкімдік қызметкерлері және еріктілер газ иісінен уланудың алдын алуға көмектесетін датчиктерді аудан әкімдіктері ұсынған тізім бойынша ХӘОТ санатындағы отбасылардың үйлеріне орнатып, мүмкіндігі шектеулі және қарт азаматтарға пештердің мұржаларын тазалауға және басқа да қажетті жұмыстарға көмектесуде.

«Тұрғын үй секторында өрт жағдайларының көбеюінің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, қысқы уақытта адамдар электр жылытқыштарды қолданып, тоқ желілеріне түсетін қысым күшейеді. Сонымен қатар пешті жағу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Мысалы, отынды пештің қасында сақтайды не мұржаны уақтылы тазаламайды», — деді Алматы қаласының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Айта кеткен жөн, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу 15 тамызда басталған. Департамент мәліметінше, атаулы көмек көрсету үшін әлеуметтік осал топқа жататын 901 отбасы анықталған, олардың ішінде 102 отбасы үйлерін отынмен жылытады. Аталған үйлердің түгелінде дерлік түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ аз қамтылған азаматтардың 36 үйінде өрт-профилактикалық көмек көрсетілсе, 41 үйде көміртегі тотығынан қорғайтын датчиктер орнатылды.

Жеке тұрғын үй Өрт Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар