Қазақстан жаңалықтары23 қараша 2024, 18:00

Астанада жосықсыз құрылыс компанияларына қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір 12 адам қамауға алынған. Елордада 6 мыңнан аса салымшылары бар тұрғын үй кешендерін заңсыз салу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

— Бүгінгі таңда жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергелуде, 12 адам қамауда. Құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы прокурордың 8 талабы сотпен қанағаттандырылды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асырған 51 құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.

Бұдан басқа, рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту жүзеге асырылған «Qurmangazy» тұрғын үй кешенін бұзуға қол жеткізілді.

 

Астана Құрылыс Қылмыстық іс
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар