Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
Фото: Alain ROLLAND/EP
EP
ӘлемБүгін, 16:04

Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды

Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды. Funke тобының басылымдарына берген сұхбатында Роберта Метсола Еуроодақ елдері АҚШ сияқты Украина қарулы күштеріне Ресей Федерациясындағы нысаналарға қарсы ұзақ қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат беруді жақтай ма, жәнеГермания Украинаға TAURUS зымырандарын жеткізу керек пе деген сұрақтарға оң жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media

«Иә, бұл Еуропарламенттің ұстанымы, бұл Бундестагқа сайлаудан кейін тиісті өзгерістерге әкелетінін көрейік», - деді.

Канцлер Олаф Шольц ұзақ уақыт бойы TAURUS жеткізілімін қабылдамады, ал «Еркін демократтар» мен «Жасылдар» Украинаға мұндай зымырандарды жеткізуді жақтайды.

Роберта Метсола украин жауынгерлеріне шұғыл көмек қажет екенін атап өтті.

Ол Ресейдің соғысты өршітіп, зымырандық шабуылды күшейтіп жатқанына алаңдаушылық білдірді, бұл көптеген бейбіт тұрғындардың құрбан болуына әкеліп соқтырады деді.

Айта кетсек, 21 қарашада Ресей Днепрге жаңа орта қашықтықтағы гипер дыбысты «Орешник» зымыранымен соққы берді.

Еуропарламент басшысы Taurus киев

Тақырыпқа жаңалықтар