Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Астана мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

Астана мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Елорданың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, мемлекеттік органдардың, оның ішінде білім және денсаулық сақтау басқармаларының, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері мен ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ психикалық аурулар саласындағы мамандар қатысты. 

Баянауылда ағасы мен қарындасы жыныстық зорлыққа ұшыраған
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

Баянауылда ағасы мен қарындасы жыныстық зорлыққа ұшыраған

Майқайың кентінде 13 және 15 жасар қыз бен ер бала зорланды. Педофилдік әрекет жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, уақытша қамалған. Павлодар облысындағы Майқайың кентінде 13 және 15 жасар қарындасы мен ағасын зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, қамауға алынды. 

Алматыда тұрғын үйді басқару тарифі өзгереді
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

Алматыда тұрғын үйді басқару тарифі өзгереді

Алматыда тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тарифті бекіту жоспарда. «2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» мәслихаттың шешімі әзірленді. Алматыда тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау бойынша шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метрге 40 теңге мөлшерінде бекітілсін», — делінген құжатта. 

Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді. 

Алдағы тәулікте 23 градусқа дейін аяз болады -Қазгидромет
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

Алдағы тәулікте 23 градусқа дейін аяз болады -Қазгидромет

Қазгидромет алдағы 3 күндегі ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда түседі», - деп таратты.

Солтүстік Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

Солтүстік Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары арақ-шараптан толығымен бас тартты. Соңғы екі жылдан бері елді мекенде бірде-бір ауыр немесе ұрлық, отбасылық жанжалдар тіркелмеген. Зарина Аюпова Дайындық ауылына 5 жыл бұрын отбасымен көшіп келген. «Бұл ауылда арақ мүлдем ішпейді, бос жүрген адам жоқ, барлығы жұмыс істейді, дүкенде алкоголь сатпайды, барлығы өз шаруасымен айналысады. Біздің ауыл тыныш», — дейді ауыл тұрғыны. 

2025 жылы Қытайда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтуі мүмкін
22 қараша 2024 / Sport

2025 жылы Қытайда қазақ күресінен әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов Астанаға іссапармен келген Қытай Халық Республикасы делегациясының өкілдерімен кездесті. Қытайдың Хунань провинциясындағы Чанша қаласы үкіметінің өкілі Ли Ди бүгінгі таңда екі елдің арасындағы сауда, инвестиция саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары жетерлік екенін, ал соңғы жылдары спорт саласындағы байланысты нығайту бағытында, оның ішінде екі елдің ұлттық күресін дамыту жолында бірлесе жұмыс істеуге деген қызығушылықтың арта түскенін атап өтті. Шетелдік қонақ Қазақстан мен Қытай арасындағы көп жылғы достық қарым-қатынасты нығайту үшін 2025 жылы Қытай елінде қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатын өткізу туралы ұсынысын жеткізді. 

«Баспана беруден бас тартты»: Сурдлимпиада жүлдегерлері сотқа шағым түсірді
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

«Баспана беруден бас тартты»: Сурдлимпиада жүлдегерлері сотқа шағым түсірді

Қысқы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана берілмеген. Осыған орай, спортшылар сотқа талап арыз жолдады. Р., Н. және К. 2024 жылы Эрзурумда (Түркия) өткен қысқы Сурдолимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, олар уәкілетті органға жүгінген. Алайда оларға коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беруден бас тартылды. 

Елордада балаларды спорт секцияларына тегін қабылдау басталады
22 қараша 2024 / Новости Казахстана

Елордада балаларды спорт секцияларына тегін қабылдау басталады

Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ балаларды спорт секциясына қабылдау кезегінің ашылатынын мәлім етті. Сонымен қабылдау 28 қараша күні сағат 15.00-де басталып, 30 қараша күні сағат 00.00 дейін жалғасады.