Баянауылда ағасы мен қарындасы жыныстық зорлыққа ұшыраған
СҚО ПД баспасөз қызметі
OQO PD baspasöz qızmeti

Баянауылда ағасы мен қарындасы жыныстық зорлыққа ұшыраған

Майқайың кентінде 13 және 15 жасар қыз бен ер бала зорланды. Педофилдік әрекет жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, уақытша қамалған. Павлодар облысындағы Майқайың кентінде 13 және 15 жасар қарындасы мен ағасын зорлады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Баянауыл ауданында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді зорлау оқиғасы тіркелді. Майқайыңда тұратын бірі 13, екіншісі 15 жастағы қарындасы мен ағасына қатысты педофилдік әрекет жасалған. Жыныстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша екі ер адам ұсталып, уақытша қамалды. Зардап шегушілерге барлық көмек, соның ішінде психологтар көмегі көрсетіліп жатыр», -деп хабарлады өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Облыстық білім беру басқармасы да аталған деректі растады.

Павлодар облысының прокуратурасы Баянауыл ауданында балаларға зорлық-зомбылық көрсету деректерінің артып отырғанын мәлімдеді.

«21 қарашада кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өсуіне байланысты Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Ержан Дюсекеновтың төрағалығымен Майқайын кентінде көшпелі жедел кеңес өткізілді. Оған облыс әкімінің орынбасары, полиция департаменті басшысының орынбасары, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудан колледждері мен мектептерінің директорлары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың жұмысындағы жүйелі кемшіліктер анықталып, жекелеген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулер басталды. Криминогендік ахуалды жақсарту мақсатында полиция қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне нақты міндеттер қойылды. Оларды орындауға бүгіннен бастап кірісті», -деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Майқайың қыз бала ер бала Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар