Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Швеция Украинаға 4,6 млрд крон көлемінде көмек жібереді
10 қыркүйек 2024 / Мир

Швеция Украинаға 4,6 млрд крон көлемінде көмек жібереді

Швеция Украинаға 4,6 миллиард крон (400 миллион еуро) көлемінде көмек жібереді. 17-ші әскери көмек пакетіне, сонымен қатар, Швециядан Украинаға бұрын жеткізілген әскери техникаға арналған оқ-дәрілер, сондай-ақ Gripen реактивті истребительдерінің бөлшектері кіреді. Бұл ұшақтарды Киевке беру туралы шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ Стокгольм «болашақта мұндай жеткізілімдерді жүзеге асырғысы келеді» деді Швеция қорғаныс министрі Пол Джонсон. 

Неміс барлау қызметі Ресейден кибершабуыл қаупі туралы ескертті
10 қыркүйек 2024 / Мир

Неміс барлау қызметі Ресейден кибершабуыл қаупі туралы ескертті

Неміс қарсы барлау қызметі Ресейден кибершабуыл қаупі туралы ескертті.  Ресейдің 29155 сыртқы барлау бөлімі ЕО және НАТО елдеріне, соның ішінде маңызды инфрақұрылымға ағымдағы киберқауіп төндіреді, деп хабарлады Конституцияны қорғау жөніндегі Федералдық кеңсе (BfV) 9 қыркүйекте. 

Польшада Ресейге жұмыс істейтін хакерлер анықталды
10 қыркүйек 2024 / Мир

Польшада Ресейге жұмыс істейтін хакерлер анықталды

Польшада Ресей Федерациясына жұмыс істейтін хакерлер анықталды. Ресей мен Беларусь мүддесін көздейтін хакерлер тобы Польша билігі мен мемлекеттік компанияларына кибершабуыл жасауды жоспарлаған, деп хабарлады елдің цифрландыру министрі Кшиштоф Гавковский. 

Reuters: Израиль Сириядағы әскери орталыққа соққы берді
10 қыркүйек 2024 / Мир

Reuters: Израиль Сириядағы әскери орталыққа соққы берді

Израиль Сириядағы әскери орталыққа соққы берді. Шабуылдан кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Сирия мемлекеттік БАҚ. Израиль әскері 8 қыркүйек күні кешке Хама қаласының маңындағы елді мекендерге көптеген соққы жасады. 

Қырғызстанда мемқызметкерлердің жалақысын көтеруге уақытша тыйым салынады
10 қыркүйек 2024 / Евразия

Қырғызстанда мемқызметкерлердің жалақысын көтеруге уақытша тыйым салынады

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге уақытша тыйым салынады. Бұл бастаманы мемлекет басшысы бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қабылдады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге үш жылға мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 

Украина СІМ басшысы Грузиядағы уақытша сенімді өкілді кері шақырды
10 қыркүйек 2024 / Мир

Украина СІМ басшысы Грузиядағы уақытша сенімді өкілді кері шақырды

Украина Сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы Грузиядағы уақытша сенімді өкілді кері шақырды. Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига Украинаның Грузиядағы уақытша сенімді өкілі Михаил Харишинның кері шақырылуына түсініктеме бере отырып, Украина елшілерін «соғысушы мемлекеттің шындығынан ажыратуға болмайды» деді. Сибига атап өткендей, украин дипломатиясының басымдығы «Украина қарулы күштерінің қаруы мен басқа да қажеттіліктері» болып табылады және бүгінгі күні әрбір елші «орталықтан нұсқауды күтпей», бастаманы қолға алып, «ойыншы жаттықтырушы» болуы керек. 

Ақтөбеде 7 айлық сәбидің өлімінен соң дәрігерлер қатаң сөгіс алды
10 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде 7 айлық сәбидің өлімінен соң дәрігерлер қатаң сөгіс алды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тұрғыны 7 айлық сәбиінің өлімінен соң дәрігерлердің жазалануын талап етіп отыр. Баланы таксимен тасымалдап, орталыққа хабар бермеген ақ халаттыларға қатаң сөгіс жарияланды. 

Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады
10 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады

12 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрменің ашылу рәсімі өтеді. 

Шымкентте балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген
10 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шымкентте балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген

Шымкенттегі балабақшалардың бірінде мекеме қызметкерінің балаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен сәті видеоға түсіп қалды. Желіде тараған видеоға зер салсақ, мекеме қызметкері балалар жатқан бөлмеге кіріп, сәбиді еденге лақтырғанын көруге болады. Кейін сол жерде отырған баланы қолынан ұстап тұрғызбақ болады, бірақ баланың оған көнбейтінін көріп, оны аяғынан ұстап, сүйреп әкеткен. Сол сәтте олардың жанында тағы бір бала болған. Тәрбиеші оны бетінен ұрып, төсекке қарай итеріп жіберген.