Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Микрофон өшіріледі: Трамп пен Харрис теледебат ережелері туралы келісті
6 қыркүйек 2024 / Мир

Микрофон өшіріледі: Трамп пен Харрис теледебат ережелері туралы келісті

Сейсенбі күні кандидаттар пікірталасы өтетін америкалық ABC телеарнасы екі үміткер – Камала Харрис пен Дональд Трамптың пікірталас микрофондары бір уақытта емес, кезек-кезек қосылатынына келіскенін хабарлады. Маусым айының соңында CNN-де пікірталас ережелері бойынша дау болды. Онда Джо Байденнің сөйлеуін бәрі сәтсіз деп бағалап, демократтар сайлау үміткері ретінде Камала Харристі ауыстырды. Алайда, өткен аптада Харрис сайлауалды штабы арна басшылығына эфир бойы қарсыластарының микрофондарын өшірмеуді талап етіп жүгінгені туралы хабарламалар пайда болды. 

"Сөз таластыру жиіркенішті". Садықовтың мәлімдемесіне Азат Перуашев жауап қатты
6 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

"Сөз таластыру жиіркенішті". Садықовтың мәлімдемесіне Азат Перуашев жауап қатты

«Азат Перуашев орынбасарының жемқорлығын жасырып қалмақ». Мәжіліс мандатынан айырылған Асқар Садықов бүгін экс-басшысына осындай жауап қайтарды. Күні кеше ғана Перуашев оның парламенттен қалай кетіп, партиядан не үшін қуылғанын түсіндірген болатын. Партия төрағасының таратқан мәлімдемесі бұрынғы "ақжолдық" мәжілісменнің көңілінен шықпаған. «Лас ойындарға араластырмаңыз» деген Садықов үлкен жемқорлық дерегін бұрынғы басшыларымен байланыстырып отыр. 

Қазақстанда тұңғыш рет стенд атудан Азия кубогы өтеді
6 қыркүйек 2024 / Sport

Қазақстанда тұңғыш рет стенд атудан Азия кубогы өтеді

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогі өтеді. Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады. 

Шымкентте 700 млн теңге жымқырған экс-шенеунік сотталды
6 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шымкентте 700 млн теңге жымқырған экс-шенеунік сотталды

Шымкентте аудан әкімі аппаратының бұрынғы басшысы 700 миллион теңгені жымқырғаны үшін сотталды. Шымкент қаласының ауданаралық қылмыстық соты М.-ға қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалана отырып ысырап ету және К. мен Б.-ға аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін топ адаммен ұрлау, аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады. 

Қазақ балуаны грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды
6 қыркүйек 2024 / Sport

Қазақ балуаны грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанды

Қазақстан балуаны 20 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы атанды. Грек-рим күресінен Ислам Евлоев (82 келіге дейінгі салмақта) және түркиялық Альперен Белберді (әлемдік рейтингте 7-орында тұрған балуан) финалда кездесіп, отандасымыз түрік балуанын айқын басымдықпен (9:3) жеңіп, алтын медаль алды,. 

Дуров Францияда ұсталғаны туралы алғаш рет пікір білдірді
6 қыркүйек 2024 / Мир

Дуров Францияда ұсталғаны туралы алғаш рет пікір білдірді

Дуров Францияда ұсталғаны туралы алғаш рет пікір білдірді. Telegram негізін қалаушы француз полициясының өзі жасаған платформадағы үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері үшін жеке жауапты болуы мүмкін деп санауы «таңқаларлық» деп тапты. Ол, егер қаласа, француз билігі онымен «көптеген жолмен» бұрын хабарласа алар еді, атап айтқанда, кәсіпкердің айтуынша, ол жиі келетін Дубайдағы француз консулдығы арқылы. Дуровтың айтуынша, ешбір инноватор пайдаланушылардың осы технологияларды ықтимал теріс пайдалануы үшін жеке жауапты болуы мүмкін екенін білсе, жаңа технология жасамайды. 

Андрей Сибига Украина сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы болды
6 қыркүйек 2024 / Мир

Андрей Сибига Украина сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы болды

Андрей Сибига Украина сыртқы істер министрлігінің жаңа басшысы болды. Владимир Зеленский ұсынған оның кандидатурасын Жоғарғы Рада мақұлдады. Сибига — 1997 жылдан бері Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеп келе жатқан украиналық дипломат. 

Қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды
6 қыркүйек 2024 / Sport

Қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық пара жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен (SB13 санаты) жүзуде 1:04:83 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Жүзудің бұл түрінен аталмыш қашықтықта Нұрдәулет әлем және паралимпиада рекордшысы, германиялық спортшы Талисо Энгельді (1:01.90) ғана алға жіберді. Қола жүлде әзербайжандық Вели Исрафиловқа (1:05.35) бұйырды.