Қазақстанда тұңғыш рет стенд атудан Азия кубогы өтеді
Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы өтеді. Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жарыстың басты мақсаты – ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру деп жазды Olympic.kz.
Айта кетелік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ.
Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: