Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде Астанада арнайы автобустар қатынайды
4 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде Астанада арнайы автобустар қатынайды

Елордада 8-13 қыркүйек аралығында бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды Астана әкімдігі. Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады. 

Қырғызстан 5 қыркүйектен бастап Қазақстаннан баратын азаматтарға қойылатын талаптарды өзгертеді
4 қыркүйек 2024 / Евразия

Қырғызстан 5 қыркүйектен бастап Қазақстаннан баратын азаматтарға қойылатын талаптарды өзгертеді

5 қыркүйектен бастап Қырғызстан Министрлер кабинетінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 437 қаулысына сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтардың елге келуінің жаңа ережелері күшіне енеді. Ведомство елде жұмыс істеуге, оқуға немесе бизнеске қатысы жоқ жеке себептер бойынша 60 күннен артық болуды жоспарлап отырған азаматтар үшін жаңа тәртіпке назар аударды. Енді тіркелу үшін оларға сапардың мақсатына байланысты республикада болу құқығын растайтын құжат қажет болады. 

Алматыда есірткі зертханасын ашқан ерлі-зайыптылар ұсталды
4 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда есірткі зертханасын ашқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Алматының Алатау ауданында ерлі-зайыптылар өз пәтерінде есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың синтетикалық есірткі затын өндіріп, бөлшек сауда үшін қаптамаға салғаны белгілі болды. 

Қашаған газын өңдейтін зауыт 2026 жылы іске қосылады
4 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қашаған газын өңдейтін зауыт 2026 жылы іске қосылады

Президент Жолдауында газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажеттігін айтты. «Үкіметке Жаңаөзендегі, Қашағандағы және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырамын. Бұл — басты міндет», — деді Мемлекет басшысы. Елімізде 2016 жылдан бері Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орны игеріліп жатыр. Біріншіден, бұл — Қазақстанның тарихында тұңғыш рет су астынан «қара алтын» өндіру кезеңіне бетбұрыс жасаған қадам. Екіншіден, бұл — Солтүстік Каспий жобасындағы қолға алынған алғашқы ірі жоба. Аталған жобада Қайраң және Ақтоты атауы берілген тағы екі кен орны бар. 

Ресейдің Полтаваға соққысынан 47 адам мерт болып, 200-ден астам адам жарланды
4 қыркүйек 2024 / Мир

Ресейдің Полтаваға соққысынан 47 адам мерт болып, 200-ден астам адам жарланды

Полтаваны атқылау кезінде кемінде 47 адам қаза тауып, тағы 206 адам жарақат алды, деп хабарлады Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленская. «Бұл бүкіл Украина үшін керемет трагедия. Жау оқу орны мен госпитальды бүлдірді», - деп қосты ол. Зеленскаяның айтуынша, шабуыл Полтавадағы Байланыс институтының ғимаратына тікелей жасалған

Париж Олимпиадасына қатысқан угандалық спортшыны жігіті өртеп жіберді
4 қыркүйек 2024 / Мир

Париж Олимпиадасына қатысқан угандалық спортшыны жігіті өртеп жіберді

Париж Олимпиадасына қатысып жатқан угандалық спортшы қызды бұрынғы жігіті өртеп жіберген. Угандадан келген ұзақ қашықтыққа жүгіруші Ребекка Чептегей ауыр күйікпен ауруханаға түсті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оны бұрынғы жігіті Диксон Ндиема өртеген. 

Германияда "Фольксвагеннің" экс-басшысына қатысты қылмыстық сот ісі басталды
4 қыркүйек 2024 / Мир

Германияда "Фольксвагеннің" экс-басшысына қатысты қылмыстық сот ісі басталды

Германияда "Фольксвагеннің" бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық сот ісі басталды. Концерннің бұрынғы топ-менеджері Мартин Винтеркорн 2015 жылы тұтанған «дизельдік жанжалға» байланысты бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Содан кейін Volkswagen басшылығы бүкіл әлем бойынша сатылған миллиондаған көліктер зиянды шығарындыларды төмен бағалауға және сол арқылы экологиялық сынақтардан өтуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құралмен жабдықталғанын мойындады.