Париж Олимпиадасына қатысқан угандалық спортшыны жігіті өртеп жіберді
ФОТО: BILD
BILD
Әлем4 қыркүйек 2024, 2:18

Париж Олимпиадасына қатысқан угандалық спортшыны жігіті өртеп жіберді

Париж Олимпиадасына қатысып жатқан угандалық спортшы қызды бұрынғы жігіті өртеп жіберген. Угандадан келген ұзақ қашықтыққа жүгіруші Ребекка Чептегей ауыр күйікпен ауруханаға түсті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оны бұрынғы жігіті Диксон Ндиема өртеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Чептегейдің Париж Олимпиадасында өнер көрсеткеннен кейін шамамен үш апта өткен соң, оның бұрынғы сүйіктісі оның үйіне жасырын түрде кіріп, спортшыға канистрден бензин шашып өртеген.

«Осыған дейін үйлерінің сыртында ерлі-зайыптылардың дауы естілді. Одан кейін жігіті әйелге сұйықтық шашып, оны өртеп жіберген. Күдікті де қатты күйік алған», - деп хабарлады Standardmedia жергілікті полиция өкілінің сөзін.

Өртті бірден байқаған көршілер жедел жәрдем шақырған.

Чептегей Кенияның Эльдорет қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Өрт қойған адамның да ауруханаға жатқызылғаны хабарланды.

The Star газетінің хабарлауынша, жүгіруші денесінің 75 пайызын күйік шалған.

Еске салсақ, Чептегей Олимпиада ойындарында марафонға қатысып, 42 шақырымды 2 сағат 32 минутта жүріп өтіп, 44-ші орынға табан тіреген. 

Ребекка Чептегей Олимпиада чемпионы жігіт Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар