Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды
Алматы қаласындағы Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесі табылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайды растады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: