Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Бірінші украиндық легион еріктілері Польшада ант қабылдады
18 қараша 2024 / Мир

Бірінші украиндық легион еріктілері Польшада ант қабылдады

Бірінші украиндық легион еріктілері Польшада ант қабылдады. Бұл туралы Украина қорғаныс министрлігі хабарлады. Әскери қызметкерлер атыс дайындығы, мина қауіпсіздігі, тактикалық медицина және басқа да пәндерді қамтитын оқу курсын бастады. 

Тбилисиде Грузия оппозициясының 24 сағаттық шеруі өтіп жатыр
18 қараша 2024 / Мир

Тбилисиде Грузия оппозициясының 24 сағаттық шеруі өтіп жатыр

17 қарашада Тбилиси мемлекеттік университеті ғимаратының жанында грузин оппозициялық күштерінің наразылық шеруі басталды. Ол бір күнге созылады. Оппозиция 26 қазанда өткен парламенттік сайлауда биліктегі «Грузин арманы» партиясы 54 пайыз дауыс жинаған нәтижелерді қабылдаудан бас тартып отыр. Акцияға қатысушылар ТМУ-дің бірінші корпусының жанына шатыр тіккен. 

Украина: Сумыдағы көпқабатты үйге зымыран щабуылы болды, он адам қаза тапты
18 қараша 2024 / Мир

Украина: Сумыдағы көпқабатты үйге зымыран щабуылы болды, он адам қаза тапты

Ресейдің Сумыдағы көпқабатты үйге зымыран соққысынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті, оның ішінде балалар да бар. Ресейдің 17 қараша күні кешке Сумыдағы көпқабатты тұрғын үйге зымырандық соққысы нәтижесінде 11 адам қаза тапты, оның ішінде тоғыз жасар бала мен 14 жасар қыз бар, дейді Украина төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі. 

Отандасымыз конькимен жүгіруден жеңімпаз атанды
18 қараша 2024 / Sport

Отандасымыз конькимен жүгіруден жеңімпаз атанды

Ол ерлер арасындағы масс-стартта мәреге бірінші болып жетті. Ұлттық құрама спортшысы соңғы секундтарда екі канадалық Давид ла Рун мен Хейден Майерден озып кетті. Бұл – Қазақстан құрамасының Жапония өтіп жатқан сайыстағы үшінші жүлдесі,. 

Жыл басынан бері 14 «жалған полицей» ұсталған
18 қараша 2024 / Новости Казахстана

Жыл басынан бері 14 «жалған полицей» ұсталған

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жыл басынан бері 14 «жалған полицейді» ұстаған. Қараша айында Шымкентте бір топ адам полиция қызметкерлерінің кейпіне еніп, «қамқорлығы» үшін ай сайын 1,5 млн теңге алып отырған. Дәл сол сияқты Ақтөбеде 2 жас жігіт қаланың екі тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, 300 мың теңге алған. 

БҚО-да адам өлтіріп, қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды
18 қараша 2024 / Новости Казахстана

БҚО-да адам өлтіріп, қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды

Батыс Қазақстан облысында полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр. «Мой город» басылымының дерегінше, облыстық полиция департаменті Данияр Мақсотовты іздеп жатыр. Күдікті орташа денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Күдікті азамат туралы көріп-білгендер болса, БҚО ПД-нің кезекші бөліміне 102, 8 705 747 99 99, 8 7112 98 45 30 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз, - деп отыр. 

7 жасар Амир Айдарханов әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді
18 қараша 2024 / Sport

7 жасар Амир Айдарханов әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді

Талдықорған қаласының 2 сынып оқушысы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатынан алтын алды. Жекпе-жектің джиу-джитсу түрінен жарысқа қатысқан жетісулық 9 спортшының 8-і елге жүлдемен оралды. Қарашаның 3-9 аралығында Араб әмірлігінде өткен Abu Dhabi WORLD JIU-JITSU CHAMPIONSHIP 2024 турниріне Жетісудан 9 жас спортшы барған. Жүлде алғандардың арасында ең кішісі – Амир Айдарханов.

Зеленский: Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зымырандармен шабуыл жасалды
18 қараша 2024 / Мир

Зеленский: Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зымырандармен шабуыл жасалды

120-ға жуық зымыран мен 90 ұшқышсыз ұшақ Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасады, - деді Зеленский. «Украинаның барлық аймақтарында жаппай аралас шабуыл», - деп жазды Владимир Зеленский Teleram арнасында. Оның айтуынша, Ресей «Шахед» типті ұшқышсыз ұшақтарды, «Циркон», «Искендер», «Кинжал» зымырандарын қолданған. 

Әсел Далиева тоғызқұмалақтан 12 дүркін әлем чемпионы атанды
18 қараша 2024 / Sport

Әсел Далиева тоғызқұмалақтан 12 дүркін әлем чемпионы атанды

Түркияның Анкара қаласында тоғызқұмалақтан VІI әлем чемпионаты мәресіне жетті. Тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, дүниежүзілік додаға АҚШ, Мажарстан, Испания, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Чехия, Франция, Украина және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.