Зеленский: Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зымырандармен шабуыл жасалды
Efren Lukatsky/AP/dpa/picture alliance
picture alliance
ӘлемБүгін, 11:00

Зеленский: Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына зымырандармен шабуыл жасалды

120-ға жуық зымыран мен 90 ұшқышсыз ұшақ Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасады, - деді Зеленский. «Украинаның барлық аймақтарында жаппай аралас шабуыл», - деп жазды Владимир Зеленский Teleram арнасында. Оның айтуынша, Ресей «Шахед» типті ұшқышсыз ұшақтарды, «Циркон», «Искендер», «Кинжал» зымырандарын қолданған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біздің әуе қорғаныс күштері 140-тан астам әуе нысанын жойды», - деді Украина президенті.

Шабуылдың нысанасы энергетикалық инфрақұрылым болды.

«Өкінішке қарай, соғылып, құлаған зымыраннан нысандарға зақым келді», - деді Украина басшысы.

Одесса облыстық әскери басқармасының басшысы Олег Кипер ресейлік шабуылдан екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

Николаевта ұшқышсыз ұшақтың соққысынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жараланды, оның екеуі — бала.

Львов облысында қанатты зымыранның сынықтары құлап, 66 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлады облыс әскери басқармасының басшысы Максим Козицкий.

Ресейдің Украинаға шабуылына байланысты Польша жойғыштарын көкке шығарды. 

«Польша және одақтас авиация біздің әуе кеңістігінде жұмыс істей бастады», - деп хабарлады Польша армиясының жедел қолбасшылығы X платформасында.

Зеленский инфрақұрылым Украинаға шабуыл зымырандар

Тақырыпқа жаңалықтар