Отандасымыз конькимен жүгіруден жеңімпаз атанды
Виталий Щиголев конькимен жүгіруден Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол ерлер арасындағы масс-стартта мәреге бірінші болып жетті. Ұлттық құрама спортшысы соңғы секундтарда екі канадалық Давид ла Рун мен Хейден Майерден озып кетті. Бұл – Қазақстан құрамасының Жапония өтіп жатқан сайыстағы үшінші жүлдесі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Виталий 2022 жылы Канаданың Квебек қаласында өткен Төрт құрлық чемпионатында 5 мың метрге жүгірісте жеңіске жеткен еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: