Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Соңғы он жылда 700 бала суға кетіп көз жұмды
25 шілде 2024 / Новости Казахстана

Соңғы он жылда 700 бала суға кетіп көз жұмды

Қазақстанда соңғы 10 жылда 2 240 адам, оның ішінде 701 бала суға кетіп көз жұмды. Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі бір апталық республикалық «Балаларды суда қорғаңыздар» акциясын бастады. Акцияның мақсаты — кәмелетке толмаған азаматтардың жазатайым оқиғағаға ұшырауына және қаза болуына жол бермеу. 

Ресей ІІМ психиатрия науқастарының деректеріне қол жеткізе алады
24 шілде 2024 / Мир

Ресей ІІМ психиатрия науқастарының деректеріне қол жеткізе алады

Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі психиатриялық науқастардың деректеріне қол жеткізе алады.  Медициналық құпияны құрайтын «қауіпті» науқастар туралы ақпарат Владимир Путин қол қойған «Психиатриялық көмек және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтарының кепілдіктері туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, ол енді полицияға ашық болады. 

Пентагон: Ресей мен Қытайдың Арктикадағы белсенділігі қауіп төндіруі мүмкін
24 шілде 2024 / Мир

Пентагон: Ресей мен Қытайдың Арктикадағы белсенділігі қауіп төндіруі мүмкін

Ресейдің Арктикадағы барлық басқа елдердің ішіндегі ең үлкені болып табылатын әскери қатысуы АҚШ пен оның одақтастарының аумақтарына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігінің 2024 жылға арналған Арктикалық стратегиясында айтылған. Құжатта Ресей Федерациясының Арктикадағы қатысуын арттырып, кеңестік дәуірдегі әскери нысандарды қайта ашқаны атап өтілген. 

ҚХР СІМ: Палестина фракциялары үкімет туралы келісімге келді
24 шілде 2024 / Мир

ҚХР СІМ: Палестина фракциялары үкімет туралы келісімге келді

Палестина фракциялары үкімет туралы келісімге келді, дейді Қытай Сыртқы істер министрлігі. Қытайдағы келіссөздер барысында 14 палестиналық фракция Газа секторындағы соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін «Татуласу үшін ұлттық уақытша үкімет» құру туралы келісімге келді. Бейжің Декларациясына қол қойылғанын Қытай Сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді. 

Ел азаматтары зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге жұмсай алмауы мүмкін
24 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ел азаматтары зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге жұмсай алмауы мүмкін

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу ережесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. «Ашық НҚА» порталында Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген бұйрықтың жобасы пайда болды.  Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерінен медициналық қызметтің бір түрін алып тастауды ұсынған. 

Ескерткіш: Арбакеш қария балалар үйіне 80-нен астам көлік сыйлаған
24 шілде 2024 / Мир

Ескерткіш: Арбакеш қария балалар үйіне 80-нен астам көлік сыйлаған

Татарстанда базарда арба айдап жүріп, балалар үйіне 80-нен астам көлік сыйлаған қарияға ескерткіш орнатылған.  Татарстанның Еділ мен Қазан (Казанка) өзені түйіскен жердің дөңінде Татарстанның Кремлі тұр. Осы саяси салмақты, тарихи көрнекті орында қарапайым арба жеккен қарияға арнайы ескерткіш орнатылған. Сырттай қарағанда прототипі халық арасындағы белгісіз қария болып көрінгенмен, оның ғұмырында жасаған ерлігі ескерткіш орнатуға тұрарлық. 

2100 жылы әлемде халық санында тосын өзгеріс болуы мүмкін
24 шілде 2024 / Мир

2100 жылы әлемде халық санында тосын өзгеріс болуы мүмкін

Қазір әлемдегі халық саны 8 миллиардтан асты. Зерттеудегі болжам бойынша 2084 жылы жер шарындағы халық саны 10,3 миллиардқа жетеді. Ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш 10, 2 млрд болып, халық санының азаю құбылысы байқалуы мүмкін. Қызығы, қазіргі уақытта халық саны бойынша көш бастап тұрған Қытай мен Үндістанда табиғи өсім төмендеуі ықтимал. Аталған елдерде өлім-жітім бір жылдағы туу көрсеткішінен 10,5 млн және 7,4 млн адамға асып түсуі болжанып отыр. 

Тартылған Арал толып келеді
24 шілде 2024 / Новости Казахстана

Тартылған Арал толып келеді

Солтүстік Аралдағы су көлемі 27 млрд текше метрге дейін артты. Солтүстік Арал теңізін құтқару жобасы аясында маңызды нәтижеге қол жетіп, қоймадағы су көлемі 27 млрд текше метрден асқанын Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.